1. Тапсырыс берушінің құқығы:
- Шарттың тәртібіне және ережелеріне сәйкес қызмет көрсетумен байланысты барлық қажетті ақпараттарды Орындаушыдан алуға;
- Шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;
- Шарт бойынша төлем жасалған қызметтің көрсетілу мерзімін ауыстыру және шарт мерзімін ұзарту туралы Орындаушыға жазбаша өтінішпен жүгінуге. Өтінішке тиісті лекте қызмет алу мүмкін еместігін дәлелдейтін құжаттарды қоса беруге: Тапсырыс берушінің стационарлық емделуде болуы, стихиялық жағдайлар, сондай-ақ Тапсырыс берушінің қызмет алу мүмкіндігін болдырмайтын өзге де жағдайлар. Бұл жағдайда ОрындаушыТапсырыс берушінің жағдайын жеке саралап, дербес шешім қабылдайды.
2. Тапсырыс берушінің міндеттері:
- осы Шарт бойынша қызмет құнын уақытылы төлеуге;
- Орындаушыдан келіп түскен ақпараттық өзгерістер мен жаңартуларды өз бетінше қарауға;
- ақпараттық және оқыту материалдарын алуға қажетті өзекті, шынайы мәліметтерді, сондай-ақ осы шарт бойынша жедел байланысқа шығу үшін қажетті аты-жөнін, қолданыстағы электрондық поштасын, байланыс телефон номерлерін Орындаушыға беруге;
- оқыту шараларын жүргізу тәртібін сақтауға және Орындаушыға, курстың өзге де қатысушыларына құрметпен қарауға;
- Осы Шарт аясында Орындаушының Тапсырыс берушіге ұсынған ақпараттары мен материалдарын коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатта таратпауға (жарияламауға, Интернет-сайттарына орналастырмауға, көшірмеуге, үшінші тұлғаларға бермеуге немесе сатпауға), жазып алмауға, оның негізінде пайда табу мақсатында өзінің ақпараттық өнімін жасамауға және жеке жұмыс барысынан басқа мақсаттарға пайдаланбауға.
- Платформаға кіретін логин, парольді басқа тұлғаларға ұсынбауға (мұндай жағдайда платформаға қолжетімділік жойылады, Тапсырыс беруші курстан шығарылады және төлемақы қайтарылмайды).
- Орындаушыдан алған ақпараттар мен материалдарды коммерциялық немесе қаржылық пайда табу мақсатында осыған ұқсас және/немесе бәсекелес өнім немесе қызмет жасамауға, сонымен қатар тренингтер (вебинарлар және т.б.) нысанында оқыту өнімдерін жасамауға.
3.Орындаушының құқықтары:
- оқыту бағдарламасына өзгерістер енгізуге, сабақ кестесін біржақты өзгертуге;
- қызмет көрсету барысында оқыту бағдарламасына аудио және видео жазба жасауға;
- Тапсырыс берушіден өзіне алған міндеттемелерін тиісінше орындауын және өзіне және басқа қатысушыларға құрметпен қарауын талап етуге;
- Тапсырыс берушінің келісімінсіз осы Шартқа сәйкес қызмет көрсету үшін қосымша мамандар ретінде үшінші тұлғаларды тартуға.
4. Орындаушының міндеттері:
- қызметті тиісті сапада, уақытылы және толық орындауға;
-Тапсырыс берушінің қызметтер бойынша туындаған сұрақтарына жауап беруге;
- Тапсырыс берушінің талабы бойынша барлық анықталған кемшіліктерді, егер Қызметтерді көрсету барысында Орындаушы Шарттың талаптарынан ауытқуға жол берсе, жұмыс сапасын нашарлатса, 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтеусіз түзетуге.
- Қызмет көрсету барысында өзіне белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге.